Понедельник, 6.04.2026

ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ МЕРЕЙ

Қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың күнделікті маңдай терімен атқарып жүрген еңбегіне лайықты құрмет көрсету мақсатында қаламызда әкімдіктің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Еңбекке – құрмет» атты акция өтуде.

Жақында қала әкімі Мұрат Бөрібаев бастаған акция қатысушылары қала аумағында тазалық шараларын жүргізіп жүрген еңбек адамдарына ыстық тамақ пен шай таратып, олардың адал жұмысына құрмет көрсетті.

– Тазалық – бұл қоғамның мәдениеті мен бірлігінің, ортақ жауапкершіліктің белгісі. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сіздер, күн сайын өз еңбектеріңізбен біздің қаламызды таза әрі көрікті етіп сақтауға зор үлес қосып келесіздер. Аянбай жасап жатқан елеулі еңбектеріңіз үшін риясыз алғыс білдіреміз, – деген қала басшысы еңбек адамын қадірлеудің қоғам дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Акция аясында қала жұмыскерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан, сондай-ақ демеушілік жасап, қолдау білдірген серіктестер атынан ыстық тамақ пен тәттілер ұсынылды. Бұл – маңдай терімен еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген шынайы алғыстың белгісі.

Еңбек адамдарына құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз. Мұндай тағылымды шаралар еңбек адамдарының мәртебесін арттырып қана қоймай, қоғамда еңбекке деген құрметті нығайтып, ел бірлігін бекемдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан адал еңбек иелерін құрметтеуге, олардың қоғамдағы рөлін насихаттауға бағытталған бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Марал Шахаева.

О Админ

Проверьте Также

СОЦВЫПЛАТЫ К ПРАЗДНИКУ

По информации акимата города Сатпаев, в рамках праздничных мероприятий предусмотрена выплата единовременной социальной помощи женщинам, …