Пятница, 30.10.2026
Ең бірінші дауыс беруші. 07.00-де

БЕЛСЕНДІЛІК ЖОҒАРЫ

Сәтбаев қаласындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің ғимаратында орналасқан №40 сайлау учаскесінде дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде.

Ең жас дауыс беруші

 

Мұнда 1497 сайлаушы тіркелген. Түске дейін олардың 478-і өз таңдауын жасады. Алғашқылардың бірі болып учаскеге 1972 жылы туған Жанулла Қылышов келіп, бюллетенін жәшікке бірінші болып тастады. Биыл 18 жасқа толған Анатолий Иванцов та алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірді.

Комиссия төрағасы Біржан Мұқановтың айтуынша, сайлаушылар белсенділік танытып жатыр. Учаскеге келе алмайтын екінші топтағы мүгедек Күлсайран Әбдіғожина үйден дауыс беруге өтініш берген. «Бұл – азаматтардың ел болашағына бейжай қарамайтынының көрінісі», – дейді комиссия төрағасы.

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …