Еліміздегі қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті нығайту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды. Жаңа өкілдікке еліміздің әр өңірінен қоғамның түрлі саласында белсенді еңбек етіп жүрген азаматтар енгізілді.
Кеңес құрамының ауқымды болуы – елдегі сан алуан пікір мен қоғамдық көзқарастарды ескеруге мүмкіндік беретін маңызды қадам. Оның қатарында білім, ғылым, мәдениет, еңбек, кәсіпкерлік және қоғамдық қызмет салаларының өкілдері бар.
Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, азаматтарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыру және ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға қоғамдық өкілдерді кеңінен тарту.
Еліміздің барлық өңірін қамтитын мұндай өкілдік халық пен қоғамдық институттар арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған. Әр өңірдің өзіндік ерекшелігі мен ұсыныстары ескеріліп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге жол ашылады.
Қазақстан үшін татулық пен тұрақтылық – ел дамуының маңызды негіздерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы қоғамдық диалогты дамытуға және ел азаматтарының ортақ мақсат жолындағы ынтымағын арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланады.
Өтеш Ахметов.
Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
Шарайна
