Пятница, 30.10.2026

СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер әйел» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Визажист» курсын аяқтаған 25 түлекке салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Оқу курсы Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауы мен Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының бастамасы арқасында жүзеге асты. Палата әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Курс түлектерін Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Эмиль Мисбахов пен Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова құттықтады.

Оқу барысында 25 қатысушы кәсіби макияж жасаудың қыр-сырын меңгеріп, сұлулық индустриясында жұмыс істеуге қажетті білім мен дағдыларды игерді.

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Проверьте Также

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің …