Пятница, 30.10.2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА 25-тен АСТАМ ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында 25-тен астам ірі әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылады

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Есет БАЙКЕН сұхбат барысында мәлімдеді.

Үкіметтің қолдауымен өңірде әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары басталды. Аталған жобалар ұлттық компаниялар және ірі бизнес өкілдерімен бірлесіп іске асырылады.

Өңірдің стратегиялық серіктестерінің бірі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Облыс әкімдігі мен корпорация арасында Жезқазған қаласында заманауи теннис орталығын салуды және 6 мың көрерменге арналған жаңа жабық футбол стадионын жобалауды көздейтін меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа спорт нысандары тұрғындарға, әсіресе балалар мен жастарға спортпен шұғылдануға қосымша мүмкіндіктер береді.

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …