Пятница, 30.10.2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ТУРИЗМ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіндегі басты мәселе – «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдерін облыстағы қонақүйлерге енгізу болды. Салалық кеңес төрағасы Ернар Смағұлов жергілікті өндірушілер мен қонақүй бизнесі арасындағы ынтымақтастық ауыл кәсіпкерлерінің өнім өткізу нарығын кеңейтіп қана қоймай, жергілікті өнімдерді ілгерілету арқылы өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға да мүмкіндік беретінін атап өтті.


Талқылау барысында «Бір ауыл-бір өнім» жобасы аясында өндірілетін өнімдерді қонақүй инфрақұрылымына енгізудің бірнеше тетігі ұсынылды. Атап айтқанда, жергілікті қолөнер бұйымдарын қонақүй нөмірлеріне орналастыру, өңірлік өнімдерді мейрамханалардың мәзіріне енгізу, ұлттық таңғы ас ұсыну және тақырыптық гастрономиялық бұрыштар ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар өнімдер туралы ақпарат алу үшін QR-кодтарды пайдалану мүмкіндігі талқыланды.
Отырыс барысында Туризм жөніндегі салалық кеңес төрағасының орынбасары сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша кәсіпкер, «Форвард» қонақүйінің басшысы Меруерт Досымбаева осы лауазымға сайланды.

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …