Пятница, 30.10.2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ВИЗАЖИСТ» КУРСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

 Жобаның бастамашысы – Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жоба әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға, кәсіби дағдыларды дамытуға және әйелдердің өз әлеуетін іске асыруына жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Оқу барысында қатысушылар визаж негіздерін меңгеріп, макияж жасаудың түрлі тәсілдерімен танысады. Сонымен қатар сыртқы келбеттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді образ жасауды үйреніп, сұлулық индустриясында жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдыларды игереді.

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …