Пятница, 30.10.2026

Ұлытауда интернет-алаяқтық пен дропперлікке қатысты өзекті мәселелер талқыланды

11 тамыз 2026 жыл

Бүгін Ұлытау облысының Өңірліккоммуникациялар қызметінде «Тергеуші жауапбереді: өзекті құқықтық сұрақтарға жауаптар»тақырыбында брифинг өтті. Іс-шара барысындаинтернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, азаматтарды заңсыз схемаларға тарту және банк шоттары мен карталарын құқыққа қайшы мақсаттапайдалануға байланысты мәселелер көтерілді.

Брифинг спикері Тулеубаев Азамат Айдынұлықазіргі таңда алаяқтардың телефон қоңыраулары, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және банк қосымшалары арқылы азаматтарға әсер етудің түрлітәсілдерін қолданатынын атап өтті.

Кең таралған схемалардың бірі – өзін банк қызметкері, полиция немесе мемлекеттік орган өкіліретінде таныстырып, азаматқа оның атына несиерәсімделіп жатқанын немесе шотында күдіктіоперация болғанын хабарлау. Алаяқтар көбінеадамның қорқынышы мен асығыстығын пайдаланып, SMS-кодты айтуды, бөгде қосымша орнатуды немесеақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етеді.

«Полиция қызметкерлері азаматтарданақшаны қауіпсіз немесе резервтік шоттарғааударуды талап етпейді. Күмәнді қоңырау түскенжағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты тиістімемлекеттік органның немесе банктің ресмибайланыс арналары арқылы өз бетінше тексеруқажет», – деді спикер.

Брифинг барысында күмәнді сілтемелерден сақболу, банк картасының деректерін, PIN, CVV кодтарын, SMS арқылы келетін растау кодтарын жәнебанк қосымшаларына кіру мәліметтерін бөгдеадамдарға бермеу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар спикер азаматтардыдропперлікке байланысты қауіптерден сақтандырды. Интернетте «оңай жұмыс» немесе жоғары табысұсынатын хабарландырулар кездеседі. Мұндайжағдайда азаматтан банк картасын немесе шотынберу, басқа адамдардың ақшасын қабылдау және оны әрі қарай аудару сұралуы мүмкін.

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚазақстанРеспубликасының Қылмыстық кодексінде 232-1-бап қолданысқа енгізіліп, заңда көзделгенжағдайларда құқыққа қайшы схемалардапайдаланылатын банк шоттары мен төлемқұралдарына байланысты әрекеттер үшінқылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ брифингте қылмыстық жауапкершілікжасы туралы түсіндірме берілді. Жалпы ережебойынша Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ал Қылмыстық кодекстің 15-бабының екінші бөлігінде көрсетілген жекелегенқылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастантуындайды. Мошенничество, яғни ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыс, бұл тізімге кірмейді.

Егер азамат алаяқтардың құрбаны болса, уақыттыжоғалтпай банкке хабарласып, қажет болған жағдайдакартаны және банк қосымшасына қолжетімділіктібұғаттап, полицияға жүгінуі қажет. Сонымен қатаралаяқтармен болған хат-хабарларды, телефон нөмірлерін, сілтемелерді, дауыстық хабарламалардыжәне банк операциялары туралы құжаттарды сақтағанжөн.

Брифинг соңында азаматтарға қаржылыққауіпсіздіктің негізгі қағидалары еске салынды: белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аудармау, банк картасын және банк қосымшасына қолжетімділіктібасқа адамдарға бермеу, күмәнді жұмысұсыныстарына келіспеу және қандай да бір күдіктуындаған жағдайда ақпаратты ресми дереккөздерарқылы тексеру.

Басты қағида – қаржылық шешімдердіқысыммен қабылдамау. Мамандар азаматтардыинтернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралыжақындарына, әсіресе балалар мен қарт адамдарғатүсіндіруге шақырады.

Ұлытау облысының Өңірліккоммуникациялар қызметі

 

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …