Пятница, 30.10.2026

БАЙҚОҢЫР АУЫЛЫНДА КӨПСАЛАЛЫ КОРТ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Байқоңыр ауылында балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасау мақсатында көпсалалы кортқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңартылған спорт алаңы ауыл тұрғындары үшін спортпен шұғылдануға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қоспақ.

Көпсалалы корттың ағымдағы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, ауылдың спорттық инфрақұрылымын жақсартуға үлес қосқан «Мерей-Мариям» мүгедектігі бар адамдар қауымдастығына шынайы алғысымызды білдіреміз!

Жас ұрпақтың игілігі жолындағы әрбір игі бастама – болашаққа жасалған маңызды қадам. Осындай ортақ іске атсалысып, қолдау көрсеткен азаматтар мен ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз!

#БайқоңырАуылы #ҰлытауАуданы #Спорт #КөпсалалыКорт #СалауаттыӨмірСалты

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …