Воскресенье, 5.04.2026

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС БЕЙНЕСІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық киімге қатысты айтқан сөзі қоғамда кеңінен талқыланып, жұртшылық тарапынан зор қолдау тапты.

Осы бағыттағы игі бастама Сәтбаев қаласында да нақты қолдау тапты. Қала әкімі Мұрат Бөрібаев кеңейтілген аппарат жиынында аптаның әр дүйсенбісін «Ұлттық киім күні» ретінде белгілеу жөнінде тапсырма берді. Соның нәтижесінде дүйсенбі күні Сәтбаев қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен барлық мемлекеттік мекемелердің ұжымы жұмысқа ұлттық киіммен келді.

Ұлттық нақыштағы камзол, шапан, оюлы көйлек пен кестелі тақиялар қала әкімдігінің дәліздеріне ерекше көрік беріп, жұмыс күнін мүлде басқа рухта бастауға мүмкіндік жасады. Бұл бастама ұжымдық бірлікті күшейтіп қана қоймай, қызметкерлердің ұлттық мәдениетке деген құрметін айқындай түсті.

О Админ

Проверьте Также

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *