Пятница, 30.10.2026

БИЛЬЯРДТАН АЛҒАШҚЫ ТУРНИР ӨТТІ

Өткен демалыста қаламызда бильярдтың «Американка» түрінен алғаш рет Сәтбаев қаласы әкімінің кубогі ұйымдастырылып, оған Ұлытау өңірінің әр қаласы мен елді мекендерінен келген спортшылармен қатар, Сәтбаев қаласының тұрғындары да белсенді түрде қатысты. Байрақты бәсекеге 70-тен астам қатысушы жиналып, спортшылар өз шеберліктерін ортаға салып, жеңіс үшін тартысты ойын көрсетті.

Жарыс барысында қатысушылар дәлдік пен ептілікті, жоғары шеберлік пен сабырлылықты талап ететін бильярд спортындағы қабілеттерін байқатты. Әрбір ойын тартысты өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты сәттер сыйлады.

Турнирдің негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында спортты кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тұрғындардың спорттық белсенділігін арттыру.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан медальдармен, мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алғаш рет ұйымдастырылған бильярд турнирі спортшылар мен қала тұрғындарының жоғары қызығушылығын тудырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған жарысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Өз тілшіміз.

Проверьте Также

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫТАУЛЫҚ БРЕНД

17 жылдық тәжірибесі бар креатор-дизайнер, «Graf» баспаханасының негізін қалаушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Арайлым Есембекова …