Воскресенье, 5.04.2026

ҚАР ТАЗАЛАУ ТҮНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ

Өткен аптада жауған қар аралас жаңбыр қала көшелеріндегі жағдайды қайта күрделендірді.Әсіресе шағын көшелерде қардың толық тазартылмауы салдарынан жолдар кедір-бұдыр болып, көлік қозғалысына қолайсыздық тудыруда.Бұл мәселе тұрғындар тарапынан орынды сын-пікірлердің туындауына себеп болды. Осыған байланысты коммуналдық қызметке жауапты мердігер ұйымдардың қатысуымен арнайы штаб отырысы өтті.

– Жиын барысында қала көшелері мен ішкі орам жолдарындағы қар тазалау, көктайғақтың алдын алу және жолдарды күтіп ұстау жұмыстарының барысы жан-жақты сараланды, – дайді қала әкімі Мұрат Бөрібаев өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында.

– Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатқанымен, бірқатар көшелерде қардың талапқа сай алынбауы салдарынан жол бетінде төмпешіктер пайда болған. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысына қиындық туғызып, жол қауіпсіздігіне кері әсер етуде. Аталған мәселелердің негізгі себептері – техниканың уақытылы шықпауы, жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер, сондай-ақ жол жиегіне ұзақ уақытқа қалдырылған автокөліктердің қар тазалау жұмыстарына кедергі келтіруі.

Осыған байланысты жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйымдарға қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы ұйымдастыру, түнгі ауысымдағы техникалар санын арттыру, проблемалық учаскелер бойынша жедел әрекет ету, жұмыстың сапасына күнделікті бақылауды күшейту тапсырылды.

Қала әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әрбір мердігер ұйым өзіне жүктелген міндетті толық әрі жауапкершілікпен орындауы тиіс.

Қала тазалығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі — ортақ міндет. Осы ретте қала тұрғындарын коммуналдық техникалардың жұмысына түсіністікпен қарап, қар тазалау жүргізілетін уақытта автокөліктерді жол жиегіне қалдырмауға шақырамыз, – дейді шаһар басшысы.

«Шарайна» ақпарат.

О Админ

Проверьте Также

СОЦВЫПЛАТЫ К ПРАЗДНИКУ

По информации акимата города Сатпаев, в рамках праздничных мероприятий предусмотрена выплата единовременной социальной помощи женщинам, …