Пятница, 30.10.2026
Бекжигитова Назым Қайратовна. Бірінші рет дауыс берген

№38 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ӨТУДЕ

Сәтбаев қаласындағы №27 мектеп ғимаратында орналасқан №38 сайлау учаскесінде 2197 сайлаушы тіркелген. Сағат 14:00-ге дейін олардың 987-сі өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысты.

Сондай-ақ арнайы жасақталған комиссия мүшелері үйден дауыс беруге өтініш білдірген 5 сайлаушының мекенжайына барып, азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік жасады.

Сайлау учаскесі ашылған сәтте алғаш болып дауыс берген Дархан Нарын Талғатұлын комиссия төрағасы Әсем Алпысова құттықтап, сыйлық табыстады. Сонымен қатар биыл алғаш рет дауыс берген 18 жасар Назым Бекжігітоваға және балалары мен немерелерін ертіп келген 86 жастағы әже Төлеу Жақсыбаеваға да құрмет көрсетілді.

№38 сайлау учаскесінде дауыс беру барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сайлаушылар белсенділік танытуда.

Проверьте Также

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің …