Пятница, 30.10.2026

ЕҢБЕГІНЕ АДАЛ АРУЛАР

Өткен жылдың соңында Сәтбаев қаласында ашылған «Кір жуу орны» индустриялық қызмет көрсету комбинаты бүгінде бірнеше ондаған қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып, іргелі кәсіпорынға айналды. Мереке қарсаңында біз кешеннің тыныс-тіршілігімен таныстық.

«Ютария» компаниялар тобының қаржысына ашылған кәсіпорын өнеркәсіптік мекемелерге, мемлекеттік ұйымдарға және жеке тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді. Мұнда арнайы жұмыс киімдерін, тұрмыстық бұйымдарды жуу, химиялық тазалау, қалпына келтіру және тоқыма бұйымдарына күтім жасау қызметтері ұсынылады.

Кешеннің технолог-басқарушысы Надежда Кутыреваның айтуынша, өндіріс Ресей, Түркия, Германия елдерінің заманауи жабдықтарымен жарақтандырылған. Мақсат – қала тұрғындары мен жергілікті кәсіпорындар үшін қызметті қолжетімді әрі ыңғайлы ету.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …