Пятница, 30.10.2026

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ТАЗАЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қаладағы инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйі, құрылыс жұмыстары мен абаттандыру шараларының орындалу барысы тексерілді. Тексеру барысында инженерлік нысандардың жұмысы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қала аумағын таза ұстау мәселелеріне назар аударылды.

Атап айтқанда, №3 сорғы станциясы мен кәріздік-сорғы станциясының жалпы жағдайы және жұмыс барысы қаралды. Бұл нысандардың тұрақты жұмыс істеуі қаланың инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар «ULYTAU DALA» ЖШС жүзеге асырып жатқан күн электр станциясының құрылыс жұмыстары тексерілді. Нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Жоба жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және энергетикалық инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталған.

Қала тазалығы да назардан тыс қалған жоқ. Аумақтарды қоқыстан тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару және белгіленбеген орындарда жатқан құрылыс материалдарын жинау жұмыстары қаралды. Бұған дейін абаттандыру талаптарын орындау бойынша ескерту алған кәсіпкерлер қазіргі уақытта өздеріне тиесілі аумақтарды ретке келтіруде.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбілік» шарасы ұйымдастырылды. Қала аумағын тазалауға мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, өрт сөндіру қызметінің мамандары, «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері және өзге де ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталған жұмыстардың барлығы қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Қала тазалығын сақтау мен қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау – тек жауапты мекемелердің ғана емес, әрбір тұрғын мен кәсіпкердің ортақ міндеті.

Аманкелді Ақшал.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …