Пятница, 30.10.2026

СӘТБАЕВТА RETRO SHOW КЕШІ ӨТТІ

Сәтбаев қаласында 80–90 жылдардың әуендері мен ерекше атмосферасын жаңғыртқан RETRO Show мерекелік кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кешке қала тұрғындары белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоцияға бөленді.

Мерекелік бағдарлама барысында көпшілікке арналған түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, көрермендер белсенділік танытты. Әсіресе сол кезеңнің сән үлгісін еске түсірген ерекше образдар кештің мазмұнын аша түсті.

Шара барысында шығармашылығымен және өзіндік образымен көзге түскен бес қатысушы арнайы креативті номинациялар бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға 5 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

Өз тілшіміз.


Тұрғындар пікірі

Айдана СЕРІКОВА, қала тұрғыны:

– RETRO Show бізге жастық шақтың әуендерін еске түсіріп, ерекше көңіл күй сыйлады. Әсіресе 80–90 жылдардың әндері көпшілікке жақсы таныс болғандықтан, кешке келген тұрғындар бірден ортаға қосылып кетті. Осындай қызықты мәдени шаралардың қалада жиі ұйымдастырылғанын қалаймыз.

Ерлан МҰРАТОВ, қала тұрғыны:

– Түрлі ойындар, ерекше образдар, көңілді музыка – бәрі үйлесімді болды. Тұрғындардың белсенді қатысқаны да қуантты. RETRO Show арқылы үлкендер өткенді еске алса, жастар сол кезеңнің мәдениетімен танысты. Осындай шара үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …