Пятница, 30.10.2026

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026 жылғы 18 мамыр мен 8 маусым аралығында республика аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгерлері – балаларды қолдап-қорғау механизмдерін жандандыруға бағытталған «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды республикалық акция өткізіледі.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғам назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудару, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғау мен қолдау шараларын күшейту. Акция шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларға ерекше назар аударылады. Себебі мұндай жағдайлар балалардың психологиялық және эмоционалдық дамуына кері әсерін тигізіп, олардың уақтылы көмекке, ведомствоаралық сүйемелдеуге және мемлекет тарапынан тиімді қолдау тетіктеріне мұқтаж екендігін көрсетеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Сәтбаев қаласының аумағында да аталған ауқымды акция ұйымдастырылып, профилактикалық іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары, кездесулер мен ақпараттық акциялар өткізілетін болады.

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға және қоғамда мейірімділік пен өзара құрмет қағидаларын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің куәсі болсаңыз немесе көмекке мұқтаж азаматтар туралы ақпарат білсеңіз Сәтбаев қаласының Полиция бөліміне немесе 102 телефон нөмеріне хабарлауыңызды сұраймыз.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …