Пятница, 30.10.2026

ҚҰРЫЛЫС, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК САЛАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиында құрылыс саласына қатысты өзекті мәселелер қаралып, Кеңес төрағасы қайта сайланды.

Күн тәртібінде нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу тәртібі, инженерлік инфрақұрылым құрылысының (қайта жаңғыртудың) шекті құнын 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныстар және жаңа Салық кодексіндегі құрылыс саласына қатысты өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге онлайн қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін Business GO цифрлық платформасы таныстырылды.

Отырыс қорытындысында денсаулық жағдайына байланысты өкілеттігін тоқтатқан Қайрат Құлмағанбетовтің орнына Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Анар Айтенова Құрылыс салалық кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Анар Айтенова – құрылыс саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман. Қазіргі уақытта Story Servis компаниясының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы әрі «Экспертиза орталығы» ЖШС-нің сәулет саласындағы сарапшысы. Қатысушылар оның кәсіби тәжірибесі Кеңестің тиімді жұмысына және өңірдің құрылыс саласының дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

 

Проверьте Также

ТӨРТ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкері Ахмет Балғабай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. …