Пятница, 30.10.2026

«WorldSkills Ulytau–2026»: кәсіби шеберлік алаңы

«WorldSkills Ulytau» — жастардың кәсіби шеберлігін дамытуға және еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Бұл алаңда өңір экономикасын дамытуға үлес қосатын, ел болашағын қалыптастыратын білікті мамандар тәрбиеленеді.

Жастарға құттықтау сөз сөйлегендер: еңбек ардагері Тұрсынбек Макишев және Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова. Олар студенттерге білім мен кәсіби шеберлік сайысында табыс тілеп, жарқын жеңістерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Облыстық чемпионатқа: Жезқазған жоғары политехникалық колледжі, Технология және сервис колледжі, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі, Сәтбаев индустриалдық колледжі, Ғалым Жарылғапов атындағы Жаңаарқа аграрлық колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының Сәтбаев технологиялық колледжі, Жезқазған гуманитарлық колледжі, тау-кен металлургиялық колледжі, Қаражал тау-кен техникалық колледжі, Жезқазған бизнес және көлік колледжі, Қарсақпай агротехникалық колледждері қатысуда.

Салтанатты бөлімнен кейін қатысушылар сайысатын негізгі құзыреттер айқындалды. Алдағы күндері студенттер өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетіп, нәтижесінде үздіктер анықталады.

Кәсіпкерлер палатасы мен колледждердің тиімді өзара іс-қимылының арқасында студенттер тәжірибелік дағдыларды меңгеріп, кәсіби жолын сенімді бастауға мүмкіндік алады. Бұл — өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды жұмыс.  Кәсіпкерлер палатасы мен колледждердің өзара іс-қимылының арқасында студенттер тәжірибе жинақтап, кәсіби жолын сенімді бастауға мүмкіндік алады. Бұл — өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды жұмыс.

«WorldSkills Ulytau–2026» чемпионаты — өңір жастары үшін маңызды қадам әрі жаңа кәсіби биіктерге бастайтын үлкен мүмкіндік

Проверьте Также

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫТАУЛЫҚ БРЕНД

17 жылдық тәжірибесі бар креатор-дизайнер, «Graf» баспаханасының негізін қалаушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Арайлым Есембекова …