Өткен аптада Б. Бұлқышев атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Конституциясының ресми жаңа басылымын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Ата Заңның ел дамуы мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы атап өтіліп, арнайы басылымдар мемлекеттік органдар мен мекемелер өкілдеріне тапсырылды.
Іс-шара барысында қала әкімі жаңа Конституцияның елдің құқықтық жүйесін нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және әділетті қоғам құрудағы маңызына тоқталды.
– Жаңа Конституция – мемлекетіміздің орнықты дамуының берік негізі. Бұл құжат заң үстемдігін қамтамасыз етіп, адам құқықтарын қорғауға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді. Әрбір азамат Ата заңның қадір-қасиетін терең түсініп, оның талаптарын құрметтеуі – құқықтық мемлекеттің басты қағидаты, – деді қала әкімі.
Салтанатты рәсімде жаңа Конституцияның ресми басылымдары бірқатар мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және мекемелердің өкілдеріне табысталды.
Шараның мақсаты – елдің басты құжатына деген құрметті арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау және құқықтық мәдениетті нығайту.
Досан Дулығалы.
Шарайна
