Қалалық білім бөлімінің конференцзалында еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған қалалық ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Дархан Мұхан, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманкелді Құрақбай және ардагерлер кеңесінің белсенді ақсақалдары қатысты.
Жиынды қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Алаш Тұрлыбек ашып, күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталды. Ал қала әкімінің орынбасары Дархан Қабылдашұлы қоғам талқысына ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының уақыт талабына сай әзірленгенін, оның ел дамуының келесі кезеңіне берік негіз болатынын атап өтті.
Жиында сөз сөйлегендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың тарихи маңызын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, бұл – қоғам сұранысынан туындаған, ел болашағына бағытталған маңызды қадам.
