Пятница, 30.10.2026

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА

9 мамыр – Қазақстан үшін, оның ішінде Сәтбаев қаласы тұрғындары үшін де ерекше маңызды күндердің бірі. Бұл күні Ұлы Отан соғысындағы жеңіс мерекеленіп, батырларымыздың ерлігі мен елге адалдығы еске алынады.

Жеңіс саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Рәсім барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға бір минут үнсіздік жарияланып, олардың ерліктері мен жанқиярлығы құрметпен еске алынды. Іс-шараға мәслихат депутаттары, қалалық мекемелердің өкілдері, ардагерлер және қала тұрғындары қатысты.

– 9 мамыр – ел тарихындағы ең қастерлі күндердің бірі. Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың символына айналған Ұлы Жеңістің мерекесі. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен тұрақтылығымыз – сол бір қиын кезеңдегі батыр бабаларымыздың жанқиярлығының нәтижесі», – деді Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев өз сөзінде.

Шара барысында жергілікті өнерпаздар соғысқа арналған әндер мен жырлардан шашу шашып, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ардагерлерге арналған гүл шоқтары мен құрмет көрсету рәсімдері олардың батырлыққа толы өмірін ұмытпауға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге арналған маңызды сәттер болды.

Қала тұрғындары үшін бұл мереке – тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар бүгінгі бейбіт өмірді бағалау мен ел бірлігін нығайту сәті. Жеңіс күні – әр отбасының, әр азаматтың жүрегінде мәңгілік есте қалатын қасиетті күн.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …