Сәтбаев қаласында Аналар кеңесімен «Конституция – отбасы мен қоғамның негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шарада отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың рөлі және қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Конституцияның маңызы жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында отбасы қоғамның негізгі тірегі ретінде белгіленгенін атап, ата заңда бекітілген қағидалардың күнделікті өмірдегі мәнін сөз етті. Аналар жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында пікір алмасты.
Кездесу барысында отбасы институтын қолдау, қоғамдағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайту мәселелері де қозғалды. Іс-шара соңында қатысушылар ортақ суретке түсіп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор кездесулерді тұрақты өткізу жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Аманкелді Ақшал.
