Воскресенье, 5.04.2026

РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жезқазған қаласында, С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған делегация қатысты. Сондай-ақ жиынға Мәжіліс депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының өкілдері және өңір тұрғындары жиналды.

Аида Балаева өз сөзінде жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет пен инновацияны дамытуға, ұлттық бірегейлік пен тарихи-мәдени мұраны сақтауға ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер іргелі демократиялық қағидаттарды нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар министр Конституцияда сөз бостандығына кепілдік беріліп, цензураға тыйым салынатынын айтты. Сондай-ақ жаңа Конституцияда Президент өкілеттігіне бірқатар шектеулер енгізіліп, мемлекет басшысы жеті жылға бір рет қана сайланатыны белгіленгенін жеткізді.

Жиында Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, қоғам қайраткерлері Серік Ақылбай, Нұрлан Дулатбеков, Әбілғазы Құсайынов сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесуге қатысқан тұрғындар да жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызды екенін айтып, алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Шарайна» ақпарат.

О Админ

Проверьте Также

КАК НАЙТИ УЧАСТОК ДЛЯ ГОЛОСОВАНИЯ?