Воскресенье, 5.04.2026

ТӘЖІРИБЕ МЕН ШЕБЕРЛІК ТОҒЫСҚАН СЕМИНАР

Бүгінгі білім беру жүйесіндегі басты басымдықтардың бірі – оқушылардың тек теориялық білімін арттыру ғана емес, олардың өмірлік дағдыларын, функционалдық сауаттылығын және нақты жағдайларда әрекет ету қабілетін дамыту. Осы бағытта ұйымдастырылған «Құзыреттілікке негізделген оқыту: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніндегі жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы облыстық семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Жезқазған қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінде өткен семинар «Озық тәжірибемен бөлісу» және «Шеберлік сайыс» мазмұнындағы екі кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинардың екінші кезеңі практикалық бағытта ұйымдастырылып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігі сынға түсті.

Сайыс қорытындысында белсенділік танытып, жоғары кәсіби деңгей көрсеткен педагогтер марапатталды. Жас ерекшеліктеріне байланысты «Әскери үштік» сайыста жалпы командалық есепте Сәтбаев қаласының командасы II дәрежелі Дипломмен, 46-60 жас аралығында Сәтбаев қаласының командасы III дәрежелі Дипломмен, 25-45 жас аралығында II дәрежелі Дипломмен  марапатталды.

 

О Админ

Проверьте Также

ЕҢБЕГІНЕ АДАЛ АРУЛАР

Өткен жылдың соңында Сәтбаев қаласында ашылған «Кір жуу орны» индустриялық қызмет көрсету комбинаты бүгінде бірнеше …