Пятница, 30.10.2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ «АТАМЕКЕН» ҰКП-НЫҢ XIV СЪЕЗІНЕ ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАДЫ

✅13 қазанда Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIV съезіне делегаттар сайлау болды.
Отырысқа Өңірлік кеңестің төрағасы Ғалым Нұржанов, Өңірлік кеңес мүшелері және Кәсіпкерлер палатасының дирекция өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова алдағы съезге делегаттарды дауыс беру арқылы сайлауды ұсынды.
✅Талқылау мен дауыс беру қорытындысы бойынша 7 негізгі делегат сайланып, резервке 4 үміткер енгізілді.
Өңір өкілдерінің съезге қатысуы Ұлытау облысының кәсіпкерлер қауымдастығының мүдделерін республикалық деңгейде білдіруге және отандық бизнесті одан әрі дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Проверьте Также

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен, құрылыс …