Пятница, 30.10.2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ӨҢІРЛІК САЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жиында мемлекеттік органдар мен жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау және ЭҚЖЖ кодтарын нақтылау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілуі жоспарланған міндетті лицензиялау талаптары түсіндіріліп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді жоспарлау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.

Кеңес жұмысы алдағы уақытта да жекеменшік білім беру ұйымдарының мүддесін қорғауға және өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

 

Проверьте Также

ТӨРТ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкері Ахмет Балғабай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. …