Воскресенье, 5.04.2026

АНАЛАР МЕН АРУЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сәтбаев қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қалалық ұжымдағы ақ жаулықты аналар мен аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Шағын салтанатты шараны ашқан кеңес төрағасы Алаш Тұрлыбек қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, әйелдерге денсаулық, бақыт пен шаттық тілегін жеткізді.

Медицина саласының ардагері Мағзұм Омаров өз сөзінде замандастарын бір-бір шумақ өлең жолдарымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ардагерлер кеңесінің ең үлкен мүшесі, сексен жасқа келген Жайық Мұнсызбаев өз ағалық лебізін жеткізіп, өмір тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, шараға қатысқан ер азаматтар да кезек-кезек сөз алып, аналар мен апайларға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

Мерекелік іс-шара қаламыздағы әйелдерге деген құрмет пен қамқорлықты көрсететін жылы жүзді сәт болды.

Ізбасар Ойбас.

О Админ

Проверьте Также

ЕҢБЕГІНЕ АДАЛ АРУЛАР

Өткен жылдың соңында Сәтбаев қаласында ашылған «Кір жуу орны» индустриялық қызмет көрсету комбинаты бүгінде бірнеше …