Воскресенье, 5.04.2026

БАЛАЛАР ТОҢБАУЫ ТИІС

Биылғы қыс бұрнағы жылдарға қарағанда жылы болғанымен, қала тұрғындары әлеуметтік нысандардағы жылу сапасына қатысты шағым айтуда. Әсіресе кейбір мектептер мен балабақшаларда температураның төмендігі байқалады. Бұл мәселе жөнінде қала әкімі Мұрат Бөрібаев «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында кеңінен баяндады.

– Қала аумағындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралап, олардың бүгінгі жағдайымен таныстық. Сапар барысында жылу жүйесіне қатысты өзекті мәселелер анықталды, – дейді Мұрат Ерболатұлы өз жазбасында.

– Атап айтқанда, екі жыл бұрын пайдалануға берілген 320 орындық балабақшада жылу жүйесі толық қуатында жұмыс істемей отыр. Кей бөлмелерде ауа температурасы 18°С-тан аспайды. Мәселені шешу үшін СЖСЖК мекемесіне жылу құбырларының диаметрін үлкейту жөнінде ұсыныс беріліп, тиісті жұмыстар жақын уақытта қаралатын болады.

Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев атындағы №9 мектепте де жылу жүйесінің жеткіліксіздігі байқалады. Мектеп аумағының үлкендігіне қарамастан, орнатылған жылу радиаторлары аз. Әсіресе спорт залда температура төмен. Осыған байланысты білім бөлімі жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, тиісті басқармаға өтінім жолдаған.

Жылу шығынын болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Ы.Алтынсарин атындағы №19 лицей мектебінің шатыры өткен жылы 44 млн теңгеге жөнделіп, ғимараттың жағдайы тұрақтанған. Ал «Балдырған» балабақшасы күрделі жөндеуден кейін биылғы оқу жылында қалыпты жылумен қамтылып отыр.

Жалпы, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда білім алуы – басты міндет. Бұл бағыттағы мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп, тұрақты бақылауда болады, – дейді қала әкімі.

«Шарайна» ақпарат.

О Админ

Проверьте Также

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС: КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аптаның басында Сәтбаев қаласындағы жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорнының мәжіліс залында қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *