Воскресенье, 5.04.2026

Мен бәрінен де көп оқимын!

Осындай атаумен балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қалалық эссе байқауы өтті. Мақсат – Қазақстан Ресубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы негізінде халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде дәріптеу. 

Мектеп оқушылары арасында өткен байқауға бастауыш және жоғары сынып оқушыларынан отыздан астам жұмыстар келіп түсті. Жұмыстарды «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығы, қалалық білім бөлімі  және кітапхана ұжымынан құрылған әділқазылар алқасы бағалады. Бастауыш сынып бойынша 3-орынды Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 4 «А» сынып оқушысы М.Тұрсынбек пен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің 1 «Б» сынып оқышысы А.Серікбай жеңіп алса, 2-орын С. Сейфулиин гимназиясының 1 «Ә» сынып оқушысы А.Елікбай мен Ә.Марғұлан атындағы мектептің 3 «А» сынып оқушысы Н.Жандосқызына бұйырды. 1-орын және бас жүлдені Б.Момышұлы атындағы гимназияның 3 «А» сынып оқушысы А. Кәрімбек пен  4 «А» сынып оқушысы А. Шармұханбет жеңіп алды. Жоғары сыныптар арасында 3-орынды  №27 мектептің 10 «А» сынып оқушысы А.Шахман мен «Ақжиек-Абзал» орталығының тәрбиеленушісі А. Сарқыт жеңіп алды. 2-орын №16 мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы А. Жүнісбекке тиесілі болса, 1 орын С. Сейфуллин атындағы гимназияның 8 «Б» сынып оқушысы А.Жұматқа бұйырды. Бас жүлденің иегері Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 7 «А» сынып оқушысы М.Марат атанды. Сондай-ақ эссе байқауына шәкірттерінің қатысуына ықпал еткен Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып жетекшісі  У.Турежановаға да кітапхана ұжымы атынан  алғыс білдірілді.

Эссе байқауының марапаттау рәсімінде барлық жеңімпаздарға балалар мен жасөспірімдер кітапханасы директорының міндетін атқарушы Гүлбану Шахманова дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Атап өтейік, мектеп оқушылары мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтуды көздейтін осындай мазмұндағы шаралар балалар кітапханасында жыл бойына жалғасады. Бұл шаралардың барлығы кітапхананың 20 жылдық мерейтойы аясында кеңінен аталып өтпек.

А.Бектас.

О Админ

Проверьте Также

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының төрінде ұлттық өнердің айбынын асқақтатқан айтулы шара – Ерден Сандыбайұлы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *