Понедельник, 6.04.2026

ОТАНШЫЛДЫҚ – ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАТЫН ЖОЛ

Бүгінде әлеуметтік желілерде Қазақстанның келешегін арқау етіп, елді дүрліктіріп жүрген, түймедейді түйедей етіп көрсетіп, бос байбаламға салынатын жазбалар аз емес. Ақпарат ағыны күшейген сайын қоғам санасына әсер ететін мұндай әрекеттердің де қауіпті сипат ала бастағаны жасырын емес. Оған немқұрайлы қарауға әсте болмайды. Өйткені жауапсыз айтылған сөз, негізсіз таратылған күдік ел ішіндегі сенімге селкеу түсіріп, қоғамдық тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда дәл осы мәселеге арнайы тоқталуы да сондықтан. Президент қоғамды дүрліктіретін даңғазаға емес, елді біріктіретін парасатты пікірге, айқайға емес, ақылға негізделген ұстанымға шақырды. Қазақстанның патриоты болу – тек ұрандату немесе даңғаза сөз айту емес. Бұл – ең алдымен азаматтық жауапкершілікті терең сезіну, ел тағдырына бейжай қарамау, әр істің салмағын түсіне отырып әрекет ету.

Шынайы патриотизм – күнделікті еңбекте, адал қызметте, заң мен тәртіпке құрметпен қарауда көрінеді. Ел дамуы әр азаматтың нақты ісіне, маңдай теріне, кәсіби біліктілігі мен табандылығына тікелей байланысты. Шыңыраудан кен шығарған кенші мен мыс балқытқан металлург те, зауытта станок басында тұрған жұмысшы да, егін алқабында еңбек етіп жүрген диқан да, ауруханадағы дәрігер мен мектептегі ұстаз да – бәрі бірдей елге қызмет етудің биік үлгісін көрсетіп келеді. Олардың тынымсыз еңбегі – мемлекеттің берік іргетасы. Олар үшін патриотизм – өз саласында үздік болу, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуға ұмтылу.

Ізтай Бейсенбаев,
«Шарайна» газетінің бас редакторы.

О Админ

Проверьте Также

ЖАТ ПИҒЫЛДЫЛАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде еліміздегі конституциялық реформаға қатысты теріс пікірлер де тарап жүр. Ең сорақысы, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *