Воскресенье, 5.04.2026

«АҚ ҚЫС» – САЛАУАТТЫ ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Қала тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту, қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қаламызда «Ақ қыс – 2026» қысқы спартакиадасы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ойындарға жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, сондай-ақ түрлі мекеме қызметкерлері мен белсенді қала тұрғындары қатысып, бұқаралық спорттың дамуына үлкен серпін берді.

Іс-шараның ашылу салтанатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбақыт Тобагулов пен спартакиаданың бас төрешісі Серік Жұматай жиналғандарды құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен қалалық «Ақ қыс – 2026» ашық спартакиадасында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жеке қатысушылар Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан Мадақтамалармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, арқан тарту сайысы бойынша жалпыкомандалық есепте 9-11 сынып арасында І орынды Абай атындағы №4 лицей-мектебінің командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Әлкей Марғұлан атындағы мектептің командасы иеленсе, ІІІ орынға Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің командасы орналасты. Сондай-ақ, аталмыш сайыс бойынша 7-8 сыныптар арасында І орынға Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің командасы ие болса, ІІ орын Абай атындағы №4 лицей-мектебінің командасына бұйырды. Ал, ІІІ орынның иегері болып Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің командасы атанды.

О Админ

Проверьте Также

Сатпаевская звезда мирового льда: путь Софии Муравьёвой к большому хоккею

Юная хоккеистка из Сатпаева София Муравьёва уверенно заявила о себе на международной арене, став одним …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *