Понедельник, 6.04.2026

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ КЕСІРІ: ОНДАҒАН АДАМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Ақпан айы биыл қала тұрғындары үшін жайсыз басталды. Қар аралас жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласып, төрт күн бойы көшелер мұз айдынына айналды. Соның салдарынан жұртшылық жүріп-тұруда қиындық көріп, қоғамдық көліктер жылдамдығын бәсеңдетті. Кейбір тұрғындар жұмысқа кешігіп, жол-көлік оқиғалары да жиілей түсті. Ең бастысы – жарақат алғандар саны артты.

Қалалық жедел жәрдем станциясының аға фельдшері Еркежан Оманаеваның мәліметінше, 5-9 ақпан аралығында көктайғақ салдарынан көшеде құлап қалған тұрғындардан 14 шақырту түскен.

Қалалық аурухананың травматология бөлімі ұсынған дерекке сәйкес, осы аралықта 53 адам көктайғақтан зардап шеккен. Оның 28-і сүйек сынуымен, 25-і түрлі дене жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген.

Мамандардың айтуынша, көктайғақ кезінде жарақат алу қаупі әсіресе егде жастағы адамдар мен балалар арасында жоғары. Дәрігерлер тұрғындарды далаға шығарда табаны таймайтын, ыңғайлы аяқ киім киіп, асықпай жүруге шақырады.

О Админ

Проверьте Также

Мемлекеттік онкологиялық орталықтарда жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді

Елімізде жылына 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Бүгінде осы айықпас дертке шалдыққандар арасындағы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *