Пятница, 30.10.2026

BUSINESSGO – БИЗНЕСТІ ЦИФРЛАНДЫРУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында микро, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жаңа BusinessGO цифрлық экожүйесінің таныстырылымы өтті.

Жаңа цифрлық өнім Мемлекет басшысы бастамашылық еткен елдегі ауқымды цифрландыру саясаты аясында іске асырылуда.

Іс-шара барысында Астана қаласынан онлайн форматта қосылған платформаны әзірлеушілер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы кәсіпкерлерге BusinessGO платформасының мүмкіндіктерін таныстырды. Платформа кәсіпкерлік қызметті жүргізуге арналған заманауи цифрлық сервистерді бір жүйеге біріктіреді. BusinessGO онлайн-кассамен жұмыс істеуді, тауарлық есеп жүргізуді, фискалдық деректер операторымен (ФДО) жұмысты және басқа да қажетті үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бизнесті басқаруды едәуір жеңілдетеді.

BusinessGO платформасын енгізу цифрлық кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды қадам болмақ. Ол кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін арттырып, цифрлық платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Проверьте Также

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің …