Пятница, 30.10.2026

АЛАҢДАР САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Биыл қалада 10 жаңа балалар алаңын салу жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда аз болғанымен, биыл негізгі басымдық қала жолдарын жөндеуге берілді.

Қазіргі таңда кейбір ойын алаңдарының құрылысы төрт айдан бері аяқталмаған. Осыған байланысты мердігерлерге жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындау тапсырылды.

«Сапасы талапқа сай келмейтін нысандар қабылданбайды. Жұмыстар уақытында аяқталмаған жағдайда мердігерлерге қолданыстағы тәртіпке сәйкес тиісті шаралар қабылданады», дейді әкімдіктегі жауапты мамандар.

Балалар алаңдары қауіпсіз, сапалы және ұзақ уақыт пайдалануға жарамды болуы тиіс. Құрылыс толық аяқталғанға дейін тұрғындардан балаларды алаңдарға жібермеу сұралады.

Ізбасар Ойбас.

Проверьте Также

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің …