Пятница, 30.10.2026

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП

Білім күні Жаңаарқа ауданының Манадыр ауылында 80 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа білім ошағы «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заң аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды.

Заманауи мектепте оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Білім ошағында 18 оқу кабинеті, робототехника кабинеті, спорт залы, сондай-ақ баскетбол және футбол алаңдары бар.

Бүгінде Ұлытау облысында 86 мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында 41 671 оқушы білім алуда. Қазіргі уақытта өңірдің барлық білім ошағы тиісті дайындықпен жаңа оқу жылының жұмысын бастады. Айта кетейік, Манадыр станциясында жаңа мектептің құрылысын жүргізуге арнайы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңге бөлінді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Проверьте Также

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ РАЗВИТИЯ БИЗНЕСА

Коллектив Палаты предпринимателей области Ұлытау прослушал Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева.  Послание затрагивает важнейшие вопросы …