Пятница, 30.10.2026

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» – ТҰРҒЫНДАР ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын бақылау мақсатында 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Сәтбаев қаласының аумағында республикалық «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды түрде өтуде.

Іс-шара аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Айсұлу Көмекованың ұйымдастыруымен өткен мазмұнды дөңгелек үстел отырысы. Оған қамқоршылық бөлімнің, Отбасын қолдау орталығының мамандары, психологтар және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтармен тығыз жұмыс жүргізетін түрлі мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосу барысында әлеуметтік қолдау мен құқықтық көмекті аса қажет ететін отбасылардың түйткілді мәселелері жан-жақты талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары нақтыланды. Атап айтқанда, қиын өмірлік жағдайға тап болған азамат А.И.-ге шұғыл түрде жан-жақты қолдау көрсетіліп, оның 8 және 5 жастағы балаларының жалпы білім беретін мектепке орналасуына тікелей көмек берілді. Сонымен қатар бұл отбасыға алдағы уақытта да қажетті құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсету үшін тұрақты бақылауға алынды.

Бұдан бөлек, «Қауіпсіз үй» іс-шарасы барысында қала аулаларында тұрғындармен тікелей кездесулер ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заман талабына сай түрлі интернет-алаяқтықтардан сақтану жолдары, қоғамдық тәртіп мен тұрғын үй қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы алғанда, мұндай мақсатты әрі жүйелі профилактикалық іс-шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Осы маңызды науқан барысында қала тұрғындары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жеке қауіпсіздік шараларын бұлжытпай орындауға шақырылады, өйткені әрбір азаматтың амандығы мен тыныштығы – қоғамның басты құндылығы.

Марал Шахаева.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …