Пятница, 30.10.2026

«ЕГЕР БІЗ ЖАСАМАСАҚ, КІМ ЖАСАЙДЫ?»

Мағжанның кешегі «Сен жанбасаң лапылдап…» деген өсиетке айналған өлеңін ту етке Сәтбаев қаласының әкімдігі қала тазалығын сақтау мен тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастаманы қолға алынды. «Егер біз жасамасақ, кім жасайды?» деген ұранмен ұйымдастырылған акция аясында мемлекеттік қызметшілер апта сайын кезекпен қала аумағында тазалық жұмыстарын жүргізетін болады.

Қала әкімдігінің бастамасымен мемлекеттік қызметкерлер төрт бағытқа – экономика, әкім аппараты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала бойынша топтарға бөлінді. Әр топ белгіленген кестеге сәйкес қала көшелері мен қоғамдық орындарды абаттандыру және тазалау жұмыстарына қатысады.

Бастаманы алғаш болып әкім аппаратының қызметкерлері бастап, қала көшелеріндегі арамшөптерді жұлу жұмыстарына кірісті. Бұл шара тек санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар туған жерге деген жанашырлық пен ортақ жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, таза әрі көрікті қала қалыптастыру – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Әрбір тұрғын өз ауласына, өз көшесіне ұқыптылықпен қарап, қоғамдық тазалықты сақтауға үлес қосса, қаланың келбеті де көркейіп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады.

Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Ортақ іске жұмыла атсалысу арқылы Сәтбаевты таза, көрікті әрі жайлы қалаға айналдыру – баршаға ортақ мақсат.

Ізбасар Ойбас.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …