Пятница, 30.10.2026

Сәтбаев қаласы * Город Сатпаев

СӘТБАЕВТА СЕНБІЛІК ЖАЛҒАСУДА

Сәтбаев қаласында абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық аумақтарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін өткен жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, жастар және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Тазалық шарасына жалпы саны 4800-ге жуық адам қатысып, 11 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 14 тонна қоқыс шығарылып, рұқсат …

Читать далее »

МЕМРӘМІЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сәтбаев қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және орналастыру талаптарын түсіндіруге арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздердің заңнамада және ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жауапты қызметкерлердің осы бағыттағы білімін жетілдіру. Сәтбаев қаласының мемлекеттік мекемелері мен білім беру ұйымдарының басшылары, қалалық қорғаныс және төтенше …

Читать далее »

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және абаттандыру жұмыстарын жүйелеу – жергілікті атқарушы органдардың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын бағамдау мақсатында қала әкімі Кеңгірбай Смағұлов бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жұмыс сапары барысында қалалық жәрмеңкенің санитарлық жағдайы, Ұлытау көшесінің абаттандырылуы, су шаруашылығы …

Читать далее »

ҚАЛАДА – ЖАҢА ӘКІМ

Өткен аптадағы өңірдегі басты жаңалықтардың бірі – қанаттас жатқан Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдері ауысуы болды. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов өз өтінішімен қызметінен кеткеннен кейін, мысты шаһар басшылығына бұған дейін Сәтбаев қаласының әкімі болған Мұрат Бөрібаев тағайындалды. Ал Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына Кеңгірбай Смағұлов келді. Кеңгірбай Қоңырұлы еңбек жолын …

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қала әкімі Кеңгірбай Смағұловтың жұмыс сапары барысында тұрғындардың өтініштері қаралып, абаттандыру және санитарлық тазалыққа қатысты бірқатар мәселе бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әр бағыттағы жұмыстарды белгіленген мерзімде орындау жауапты мамандардың бақылауына алынды. Жұмыс сапары барысында әлеуметтік желі арқылы өтініш білдірген тұрғынмен кездесу өтіп, Сәтбаев даңғылы бойындағы «Апорт» дүкенінің маңында жиналатын су …

Читать далее »

НЕГІЗГІ ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛУ КЕЗЕҢІНДЕ

Сәтбаевта жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қаладағы жылу және электр желілерінде жоспарлы жөндеу жүргізіліп, көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың әзірлігі пысықталуда. Бүгінде 630 көппәтерлі үйдің 600-і дайындық актісін алды. Қала әкімі Кеңгірбай Смағұловтың қатысуымен өткен жиында жылу және электрмен жабдықтау кәсіпорындарының, білім бөлімі мен әкімдік мамандарының жылыту маусымына …

Читать далее »

МӘРТЕБЕСІ БИІК, МЕРЕЙІ ДАРА

Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы – Шымкент қаласында дүниеге келген жас ақын, аудармашы, полиглот және кітапханашы. Ол тағдырдың талай сынағына қарамастан, мойымай, қайсарлығы мен жігерінің арқасында білімге деген құштарлығын серік етіп, көпке үлгі болып жүрген азамат. Мейірхан Мейрамбекұлы бала кезінен І топтағы мүгедектікке байланысты ДЦП дертімен күресіп, көз жанарының нашарлауына қарамастан, өмірге …

Читать далее »

КЕНМЕН ҚАЛАНЫП, ЕҢБЕКПЕН БИІКТЕГЕН ҚАЛА

Кейбір қаланың тарихы жылдармен өлшенеді. Ал Сәтбаевтың тарихы – адам тағдырымен, кеншінің маңдай терімен, елдің ертеңге деген сенімімен өлшенеді. Кеше ғана кеншілер поселкесі болған шаһар бүгінде өз болмысын қалыптастырған, өткенін қастерлеп, келешекке нық қадам басқан қалаға айналды. Бұл – жер қойнауынан байлық алып қана қоймай, сол даладан елдің еңсесін көтерген …

Читать далее »

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Өткен аптада қалада 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсімі өтті. Құрылыс жұмыстарын «QazaqStroy» компаниясы жүзеге асырады. Жоба бойынша тұрғын үйдің аумағы кешенді түрде абаттандырылып, балалар ойын және спорт алаңдары, автотұрақтар, демалыс орындары мен көгалдандырылған аумақтар жасақталады. Сәтбаев қаласында да тұрғын үй құрылысына жаңа серпін беретін жоба қолға …

Читать далее »

ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сәтбаев қаласындағы жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының бірі – ұзындығы 1 620 метрді құрайтын Шаталюк көшесін жөндеу. Бүгінде мұнда жол жамылғысын жаңарту жұмыстары жалғасып, негізгі кезеңдердің бірі жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көшеге асфальттың бірінші қабаты төселіп, оның үстіне қиыршықтасты-мастикалы асфальтбетонның (ҚМА) екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. ҚМА жол жамылғысының беріктігін арттырып, …

Читать далее »