Пятница, 30.10.2026

ҚАЛАДА – ЖАҢА ӘКІМ

Өткен аптадағы өңірдегі басты жаңалықтардың бірі – қанаттас жатқан Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдері ауысуы болды. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов өз өтінішімен қызметінен кеткеннен кейін, мысты шаһар басшылығына бұған дейін Сәтбаев қаласының әкімі болған Мұрат Бөрібаев тағайындалды.

Ал Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына Кеңгірбай Смағұлов келді.

Кеңгірбай Қоңырұлы еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы бойынша Салық комитетінің жинау бөлімінде салық инспекторы болып бастаған. Кейін Жезқазған қаласында бірқатар жауапты қызметтерде болды. Осы тағайындауға дейін ол 2024-2026 жылдары Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Сәтбаев қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Жиында қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелері, шаһардың инфрақұрылымы мен абаттандырылуы, сондай-ақ экономикалық даму бағытындағы міндеттер сөз болды.

Қос қала үшін әкімдердің ауысуы – жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Ендігі міндет – қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, тұрғындар көтерген мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарды жүйелі жалғастыру.

Өз тілшіміз.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …