Понедельник, 6.04.2026

Стратегиялық бағыт ұстанған құжат

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялауы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды кеңінен талқылау және жан-жақты саралау нәтижесінде әзірленді. Ашық әрі инклюзивті тәсіл қоғамның мемлекеттік шешімдерге деген сенімін күшейтеді.

Жаңа Конституция жобасында Егемендік пен Тәуелсіздік, мемлекеттің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін басты құндылықтар ретінде нақты бекітілген. Бұл елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының берік құқықтық негізі болып қала береді.

Сонымен қатар Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарының Конституциялық деңгейде алғаш рет бекітілуі қоғам дамуының жаңа сапалық кезеңіне аяқ басқанын көрсетеді. Экологиялық жауапкершіліктің Ата Заңда көрініс табуы қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін айқындайды.

Мемлекеттік биліктің бастауы – Қазақстан халқы екенінің нақты белгіленуі демократиялық құндылықтарды нығайтып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл қоғамдық белсенділіктің артуына және әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Жалпы, жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтіп, елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға, әлеуметтік әділеттілікке және тұрақты дамуға бағытталған ұзақмерзімді стратегиялық бағдар ұсынып отыр.

Асқар Шоқпытов,
«AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы.

О Админ

Проверьте Также

ЕҢБЕГІНЕ АДАЛ АРУЛАР

Өткен жылдың соңында Сәтбаев қаласында ашылған «Кір жуу орны» индустриялық қызмет көрсету комбинаты бүгінде бірнеше …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *