Понедельник, 6.04.2026

Тіл мәртебесі сөз болды

Ұлытау облысында облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың төрағалығымен конституциялық реформа мәселелеріне арналған жиын өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары талқыланып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, көтерілген мәселелер бойынша жүйелі жауаптар берілді. Атап айтқанда, жаңа Конституция жобасының мазмұны, оның қоғам үшін маңызы және реформаның «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сәйкестігі сөз болды.

Облыста конституциялық реформаны түсіндіру бағытындағы ақпараттық жұмыстардың белсенді жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың өзекті өзгерістерден хабардар болуына және қоғамдық талқылауға қатысуына мүмкіндік беріп отыр.

Жиын барысында қоғам белсенділері Абдолла Дастанов, Төлеген Бүкіров, Ғазиз Ештанаев конституциялық реформалар аясында мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейту мәселелеріне қатысты өз пікірлерін білдірді. Олардың ана тіліне қатысты ой-пікірлері қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Өз тілшіміз.

О Админ

Проверьте Также

ЕҢБЕГІНЕ АДАЛ АРУЛАР

Өткен жылдың соңында Сәтбаев қаласында ашылған «Кір жуу орны» индустриялық қызмет көрсету комбинаты бүгінде бірнеше …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *