Пятница, 30.10.2026

ДОСТЫҚ ӘЗІЛДЕР

Амангелді Құрақбайға:

Тап басатын идеология тынысын,
Еңсеріп жүр ішкі саясат жұмысын.
Бірлікке елді шақырады әмәнде,
«Ынтымақ пен татулық», деп ырысың.

Қамын ойлап жүреді ылғи БАҚтың да,
Сол ісіңмен бізге және жақтың да
«Шарайнаға» мемтапсырыс болатын,
Тиын-тебен, уа Әужеке, таптың ба…

Нұрлат Қоныспайға:

Кейіпкер жанын айтқызбай-ақ ұғатын,
Сахна десе бір бүйрегі бұратын,
Кеш келсе де тілшілердің «қосына»,
Нөмір сайын жазғаны шығып тұратын.

«Шарайнада» бес жыл терді төккен-ді,
Мықтылармен талай істер өткерді.
Баспасөзде жүрген кезде тым жақсы,
Әкімдікке қызметкер боп кеткен-ді.

… Енді қазір тілші боп жүр «Ақшамда»,
Жиі көреміз «көксандықтан» қосқанда.
Жаза бергін, сөйлейде бер тартынбай,
Ақиқатты айт, ештеңеден жасқанба.

Мадина Сембаеваға:

Құлағында компьютердің ойнаған,
Заманның да ағымына бойлаған.
Әр нөмірге әртүрлі етіп, әр беріп,
Газетінің келешегін ойлаған.

Директор боп жүр және осы ұйымда,
Қызмет те соқпады оған қиынға.
Әр беттерді ұқсатпайтын біріне,
Дизайнерге директор болу бұйым ба?

Достық әзілдерді жазған Ізтай Белгібайұлы.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …