Пятница, 30.10.2026

ЖАҢАРТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Қала аумағында жол жөндеу және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, биыл ерекше қарқынмен жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жөндеу жұмыстарының бірі – Тәуелсіздік даңғылынан Абай көшесіне дейінгі атауы жоқ көшеде жүзеге асырылып отыр. Ұзындығы 750 метрді құрайтын бұл жол учаскесі соңғы 10 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген.

Аталған көшеде қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары басталып, бірінші қабаты толық аяқталды. Жол жамылғысын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл учаскенің жөнделуі көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, қалаішілік инфрақұрылымның сапасын арттыруға да ықпал етеді.

Тұрғындар тарапынан бұл жолдың ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегені жиі айтылып келген болатын. Ендігі жерде жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстары бұл мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, биыл қала бойынша 25 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бұл – қала көшелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуға бағытталған жүйелі бағдарламаның бір бөлігі. Жалпы, қаладағы жол жөндеу жұмыстары – уақытша науқан емес, ұзақмерзімді инфрақұрылымдық даму бағыты. Биылғы жоспардың орындалуы қала көшелерінің жаңарып, көлік қатынасының анағұрлым ыңғайлы болуына жол ашады.

Аманкелді Ақшал.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …