Пятница, 30.10.2026

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сәтбаев қаласында абаттандыру, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне ерекше мән берілуде. Қала әкімінің айтуынша, шаһардың көркі мен қауіпсіздігі тек коммуналдық қызметтердің емес, тұрғындар мен кәсіпкерлердің де ортақ жауапкершілігіне байланысты.

– Қаланың тазалығы мен тәртібі – тек коммуналдық қызметтің жұмысы емес, бұл – бәрімізге ортақ міндет. Әрбір көше, әрбір нысан – біздің мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрінісі.

Қазір Сәтбаев даңғылы бойында бірқатар кәсіпкерлік нысандар салынып, кеңейтіліп жатыр. Қала дамып, жаңа нысандар бой көтергенімен, құрылыс жұмыстары белгіленген талаптарға сай жүргізілуі тиіс.

Құрылыс жүргізіліп жатқан әрбір жерде талап сақталуы қажет. Алаң қоршалып, қажетті белгілер қойылып, құрылыс паспорты ілінуі керек. Бұл – жай ғана талап емес, адамдардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты маңызды мәселе, – деп атап өтті әкім.

Қала басшысы кәсіпкерлерді өз нысандарының айналасын таза әрі ұқыпты ұстауға шақырды.

– Тазалық пен ұқыптылық – тек сыртқы көрініс емес, бұл – қалаға, тұрғындарға деген құрмет. Қаланы ретке келтіру жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Бұл бағытта бизнестің де жауапкершілік танытып, серіктес болатынына сенемін, – деді ол.

Әкімнің айтуынша, қауіпсіз, таза әрі көрікті Сәтбаевты қалыптастыру – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Сондықтан әр тұрғын мен кәсіпкер өз аумағына жауапкершілікпен қараса, қаланың келбеті де көркейе түспек.

Ізбасар Ойбас.

Проверьте Также

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫТАУЛЫҚ БРЕНД

17 жылдық тәжірибесі бар креатор-дизайнер, «Graf» баспаханасының негізін қалаушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Арайлым Есембекова …