Пятница, 30.10.2026

Свежие новости

Август, 2026

  • 28 августа

    ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Сәтбаев қаласындағы жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының бірі – ұзындығы 1 620 метрді құрайтын Шаталюк көшесін жөндеу. Бүгінде мұнда жол жамылғысын жаңарту жұмыстары жалғасып, негізгі кезеңдердің бірі жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көшеге асфальттың бірінші қабаты төселіп, оның үстіне қиыршықтасты-мастикалы асфальтбетонның (ҚМА) екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. ҚМА жол жамылғысының беріктігін арттырып, …

    Читать далее »
  • 28 августа

    ЖОЛДЫ ЖӨНДЕМЕС БҰРЫН ӘУЕЛІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ МАҢЫЗЫ

    Сәтбаев қаласындағы жеке секторды аралау барысында Аманжолов көшесінің тұрғындары жолдың жай-күйі мен жерасты суларына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындардың айтуынша, жолдың тиісті деңгейде болмауы күнделікті жүріп-тұруға қиындық туғызса, жерасты суларының үйлерге жақындауы тұрғындардың тұрмысына қолайсыздық келтіруде. Бұл жағдай жол жөндеу жұмыстарының тек асфальт төсеумен шектелмейтінін көрсетеді. Инфрақұрылымдық мәселені түпкілікті шешу …

    Читать далее »
  • 28 августа

    ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

    Заманауи мал шаруашылығы кешені салынуда Ұлытау облысында «Orynbai meat» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тарапынан бір мезгілде 1 000 бас ірі қара малды ұстауға арналған заманауи мал шаруашылығы кешенін салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 750,0 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 10 жаңа жұмыс …

    Читать далее »
  • 28 августа

    СӘТБАЕВТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

    23 тамыз, жексенбі күні елімізде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті. Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы ретінде айрықша маңызға ие саяси науқанға Ұлытау облысының тұрғындары да белсенді қатысты. Таңғы сағат 07:00-де басталған дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасып, азаматтарға өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, ел болашағына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік …

    Читать далее »
  • 28 августа

    ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

    Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз таңдауын білдіретін маңызды қоғамдық-саяси науқан. Дауыс беру арқылы әр адам өзінің азаматтық ұстанымын танытып қана қоймай, мемлекет пен қоғамның алдағы даму бағытына қатысты пікірін білдіреді. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Сәтбаев қаласындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің ғимаратында орналасқан …

    Читать далее »
  • 28 августа

    ДАУЫС БЕРУДЕ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТТЫ

    Сәтбаев қаласындағы №27 мектеп ғимаратында орналасқан №38 сайлау учаскесінде сайлау үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар өз азаматтық міндеттерін белсенді атқарды. Аталған учаскеде барлығы 2197 сайлаушы тіркелген. Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша олардың 987-сі дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл – тұрғындардың сайлау науқанына деген белсенділігін аңғартатын көрсеткіш. Комиссия мүшелері дауыс беруге …

    Читать далее »
  • 28 августа

    БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

    Жаңа оқу жылы әр бала үшін жаңа үміт пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осыған орай балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімге деген қызығушылығын арттыру, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ең жақсы кітап, сіздер үшін, балалар!» атты көңілді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында балаларды кітапхана қызметкерлері …

    Читать далее »
  • 28 августа

    АРДАГЕР ЖАРЫС АЛАҢЫНДА

    Биыл кеншілердің кәсіби мерекесін атап өту өңірде жылдағыдан ертерек басталды. Бұған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің кәсіби мерекеден ешкім шет қалмауы тиіс, барлық кеніштер мен құрылымдарда кеншілер еңбегіне лайықты құрмет көрсетілуі қажет деген тапсырмасы себеп болды. Осы бастама аясында өндіріс орындарында түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. …

    Читать далее »
  • 27 августа

    ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ: ОБЩЕСТВО ДОЛЖНО СМОТРЕТЬ В БУДУЩЕЕ С НАДЕЖДОЙ

    В общественном пространстве продолжается обсуждение последних высказываний Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, затрагивающих вопросы культуры повседневного поведения, национальных традиций и отношения общества к историческому прошлому. Как отмечает Бигельды Габдуллин, на первый взгляд темы традиционного казахского приветствия и необходимости преодоления чрезмерной сосредоточенности на исторической печали могут показаться несвязанными. Однако в действительности …

    Читать далее »
  • 27 августа

    ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ — БҮКІЛ ҚОҒАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ТАЛАП ЕТЕТІН МӘСЕЛЕ

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қоғамның ерекше назарын және баршамыздың жауапкершілігімізді талап етеді. Отбасында зорлық-зомбылық пен қатыгездікке тап болған адамдардың жанайқайы мен қорқынышына көз жұмуға болмайды. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу мәселелері заңнамамен реттеледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы қолданылады. Ал құқыққа қайшы әрекеттер …

    Читать далее »