Понедельник, 6.04.2026

Сәтбаев қаласында Қанат Балмағанбетовты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті

Сәтбаев қаласында өмір жолында өшпес із қалдырған ардақты азамат Қанат Балмағанбетовты еске алуға арналған каратэнің Кан Киокушинкай бағыты бойынша Халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа Қазақстаннан бөлек, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасынан келген спортшылар қатысты. Барлығы 300-ден астам қатысушы өздерінің шеберліктерін көрсетіп, әділ әрі тартысты бәсекеде бақ сынады.

Халықаралық турнир Қанат Балмағанбетовтың есімін ардақтау, оның қаламыздың дамуына қосқан үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Марқұмның өмірлік ұстанымы мен тәрбиелік өнегесі жас спортшылар үшін жігер мен рухтың жарқын үлгісіне айналды.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, жас каратэшілер үшін тәжірибе жинақтайтын маңызды алаң болды. Қанат Балмағанбетовтың жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталмақ.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, естелік медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

О

Проверьте Также

КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ДАМИДЫ

«Қазақмыс» корпорациясы өзі жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік жауапкершілік аясында денсаулық сақтау жүйесін қолдауды жалғастырып келеді. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *