Воскресенье, 5.04.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ТИІС

Сәтбаев қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қалалық филиалы Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Кезекті кездесу шаһардағы коммуналдық сала қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Басқосу барысында коалиция өкілдері Ата заң жобасында көзделген негізгі өзгерістерге, оның ішінде заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Сонымен қатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттырудың маңызы айтылды.

Мұндай жүздесулердің басты мақсаты – Жаңа Конституция жобасының мәнін әрбір азаматқа жан-жақты жеткізу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру.

Аманкелді Ақшал.

О Админ

Проверьте Также

КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ДАМИДЫ

«Қазақмыс» корпорациясы өзі жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік жауапкершілік аясында денсаулық сақтау жүйесін қолдауды жалғастырып келеді. …