Қала тұрғындарын үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету бағытында күн сайын 500-ге жуық коммуналдық сала қызметкері еңбек етеді. Олар жыл бойы инженерлік желілердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне өз үлестерін қосып келеді.
Алайда коммуналдық қызметтер үшін төлемдердің уақытылы жүргізілмеуі Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысына елеулі әсерін тигізуде. Бұл жағдай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына ғана емес, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының қарқынына да ықпал етеді.
Қалалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінгенімен, ол барлық қажеттілікті толық көлемде қамтуға жеткіліксіз. Сондықтан инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңарту және коммуналдық жүйелерді тұрақты ұстау үшін тұтынушылардың төлем тәртібі маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты кәсіпорын директоры Ержан Тоқымбаевқа тұрғындармен және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, берешекті азайтуға бағытталған жүйелі шараларды жалғастыру тапсырылды.
Коммуналдық төлем – бұл тек көрсетілген қызметтің ақысы ғана емес. Ол – коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбекақысы, қаланың үздіксіз жылу және су жүйесінің тұрақты жұмысы, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға салынатын инвестиция. Төлемдердің уақытылы жүргізілуі – қала тіршілігінің тұрақтылығы мен сапалы коммуналдық қызметтің маңызды кепілі, – дейді сада мамандары.
Ізбасар Ойбас.
Шарайна
