Пятница, 30.10.2026
filter: 0; jpegRotation: 0; fileterIntensity: 0.000000; filterMask: 0; module:1facing:0; hw-remosaic: 0; touch: (-1.0, -1.0); modeInfo: ; sceneMode: Hdr; cct_value: 0; AI_Scene: (-1, -1); aec_lux: 0.0; hist255: 0.0; hist252~255: 0.0; hist0~15: 0.0;

«Жасанды интеллект – мейіргер жұмысындағы пациент қауіпсіздігін арттыру құралы»

Өткен аптада Жезқазған қаласында Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен Жезқазған қаласының облыстық жоғары мейіргерлік колледжі бірлесіп ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Жасанды интеллект – мейіргер жұмысындағы пациент қауіпсіздігін арттыру құралы» тақырыбына арналға іс-шара заманауи денсаулық сақтау саласында инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын көрсетті.

Конференцияны «Кеңгір» қонақ үйінің салтанатты залында өткізілген салтанатты бөлім ашты. Бұл бөлім колледждің 65 жылдық мерейтойына арналған болатын. Жезқазған облыстық жоғары мейіргерлік колледжі қазақ халқының ұлы перзенті Қаныш Сәтбаевтың тікелей қолдауымен ашылған. Колледждің тарихы – орта буын медицина мамандарын даярлаудағы жетістіктер мен кәсіби дәстүрлердің көрінісі. Бүгінде оқу орнының түлектері облыс пен елдің басқа аймақтарындағы медициналық ұйымдарда табысты еңбек етуде, олардың көпшілігі денсаулық сақтау саласының тәжірибелі ардагерлері саналады.

Салтанатты бөлімде колледждің білім беру және ғылыми-әдістемелік әлеуетінің жоғары деңгейі атап өтілді. Медицина саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды. Сондай-ақ, колледждің тарихы, қазіргі даму кезеңі мен болашағына арналған деректі фильм көрермендерге ұсынылды.

Пленарлық отырыс барысында конференция қатысушылары денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын мейіргерлік практика мен білім беру үдерісіне енгізу, телемедицинаны дамыту, медициналық статистика жүйесін жетілдіру, пациенттерді психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша баяндамалар тыңдады.

Жасанды интеллекттің медициналық практикадағы рөлі ерекше атап өтілді. ЖИ технологиялары мейіргерлерге келесі бағыттарда көмек береді: Пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету: диагноз қою және емдеу барысында ЖИ алгоритмдері ықтимал қатерлерді алдын ала болжай алады.

Стандартталған процедураларды автоматтандыру: пациент деректерін енгізу, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді құру жұмыстары жеңілдейді.

Жеке күтім траекториясын әзірлеу: әр пациенттің клиникалық жағдайына сай жеке емдеу жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

Оқу процесін жетілдіру: мейіргерлік колледж студенттері ЖИ платформалары арқылы клиникалық практиканы тәжірибеде меңгеріп, заманауи шешімдерді қолдануды үйренеді.

Конференцияда ЖИ енгізудің тиімділігі ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Платформалар медициналық шешімдер қабылдаудағы қателіктерді азайтып, мейіргерлердің уақытын үнемдеуге, сонымен қатар пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге жол ашады.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлытау облысы әкімдігі мен мәслихатының, кәсіби қауымдастықтар мен медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа медициналық колледждері мен цифрлық денсаулық сақтау саласының сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруда, сондай-ақ орта буын медицина мамандарын даярлау жүйесін жетілдіруде маңызды екені атап өтілді. Бұл конференция ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби диалогты дамытуға және инновациялық технологияларды кеңінен енгізуге арналған алаң ретінде бағаланды.

Сайып келгенде, жасанды интеллект – медицинадағы пациент қауіпсіздігін арттыру мен мейіргерлердің кәсіби тиімділігін көтерудің басты құралы. Ұлытау облысында өткен конференция ЖИ технологияларын тәжірибелік қолданудың мүмкіндіктерін көрсетті, білім беру мен клиникалық практикада цифрлық шешімдерді интеграциялаудың жолдарын талқылады. Бұл бастамалар медициналық білім беруді заманауи стандарттарға сәйкестендіру және халыққа сапалы қызмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ізтай Белгібайұлы.

Проверьте Также

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің …